Енді ҰБТ сертификатын eGov-тан жүктеп алуға болады

287

Жаңа цифрлық құжат іске қосылды

Енді ҰБТ сертификатын eGov-тан жүктеп алуға болады Фото: Liter.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Ақпараттық ұлттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында "Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты" деп аталатын жаңа цифрлық құжатты іске қосты. Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы онлайн алуға болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ҰБТ сертификаты пайдаланушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуде әр пән бойынша жинаған ұпайлары туралы ақпаратты қамтиды.

Цифрлық сертификатқа Ұлттық тестілеу орталығының электронды цифрлық қолтаңбасы қойылады, бұл оның деректерінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді.

Қосымшада ҰБТ сертификатының бірнеше түрін алу мүмкіндігі ескерілген.

Мысалы, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыруға болатын IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының балдары мен IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық стандартталған тест нәтижесі есептеледі. 

Сонымен қатар, ҰБТ сертификатының ерекшелігі ақылы бөлімде оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге және НЗМ түлектеріне байланысты.

ҰБТ сертификатын алу үшін:

- Қосымшаға кіріп, басты бетте "Сандық құжаттар" деген бөлімді таңдау;

- Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта көрсетілген.

Егер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді.

Сертификат иесі оны QR код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу