Енді Green Card лотереясына қатысқысы келетіндерден ақша алынады

60

Осы уақытқа дейін лотереяға қатысу тегін болған.

Енді Green Card лотереясына қатысқысы келетіндерден ақша алынады Фото: canva

АҚШ-тың Green Card лотереясына қатысу ақылы болады. Бұл туралы елдің Мемлекеттік департаменті хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Diversity – Green Card визасын алуға лотереяға тіркелу  үшін 1 доллар көлемінде жаңа алым енгізіледі. Бұл DV визасына өтініш беру кезінде төленетін бұрыннан бар 330 долларлық алымға қосымша болмақ.

Бұған дейін Green Card лотереясын ұйымдастыру шығындары DV визасына өтініш беру кезінде алынатын төлемнің ішіне кірген. Бірақ та, Мемлекеттік департамент жаңа талап лотереяны өткізуге кететін шығындарды барлық тіркелген қатысушы арасында әділ бөлуге мүмкіндік береді деп отыр. Сонымен қатар бұл шара жалған тіркелулердің алдын алу үшін жасалған.

Жаңа тіркеу алымы АҚШ үкіметінің ресми төлем порталы арқылы тіркелу кезінде төленуі тиіс.

АҚШ-та 1990 жылдан бері жыл сайын шетелдіктерге елде тұруға рұқсат беретін 50 мың жасыл карта ойнатылады. Бұл кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асады. Осы уақытқа дейін лотереяға қатысу тегін болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу