Енді қазақстандықтар тауарын Amazon-да сата алады

1002

Сауда және интграция министрлігі америкалық компаниямен көліссөз жүргізуді аяқтады.  

Енді қазақстандықтар тауарын Amazon-да сата алады

Отандық кәсіпкерлер тауарын Amazon-да сата алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"20 мамырдан қазақстандық кәсіпкерлер ең ірі халықаралық электронды сауда платформасының бірі – Amazon-да тауарын сатуға мүмкіндік алды. Бүгінде бұл компания әлемнің 188 елінде тауар сатады: оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан және Жапония сынды ірі мемлекеттер бар", - деп жазылды министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Amazon International Seller Services вице-президенті Эрик Бруссард отандық тауар өндірушілер аталған платформада жұмыс істей алатынын атап өтті.
"Біз шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлермен, бизнес-қоғамдастықпен жұмыс істеуге дайынбыз", - деді басшы.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов америкалық компаниямен жарты жыл бойы көліссөз жүргізілгенін айтты.

"Осыған дейін қазақстандық кәсіпкерлер Amazon-да сауда жасау үшін заңды тұлғаларды тіркеуге және банк шотын "рұқсат етілген" елдерде ғана ашуға талап қойылды. Енді бұл талап етілмейді: қазақстандық сатушылар төлемді отандық банктер арқылы тікелей ала алады. Бұл ең танымал электронды платформада сауда жасауды жеңілдетіп қана қоймай, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - деді министр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу