Енді "ҚазТрансГаз" тікелей "Самұрық-Қазынаға" бағынады

949

Бұрын газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының құрамында болатын.

Енді "ҚазТрансГаз" тікелей "Самұрық-Қазынаға" бағынады

"ҚазТрансГаз" компаниясы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның дербес портфельдік компаниясына айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін Үкіметтің қаулысы қабылданып, "Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз" арасында "ҚазТрансГазды" "Самұрық-Қазына" қорына сенімді басқаруға беру туралы шартқа қол қойылды.

"Осылайша, "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы газ тасымалдауды жүзеге асырып қана қоймай, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға айналады", - деді Ахметжан Есімов.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында "Самұрық-Қазына" қорының басқарушылар кеңесінің отырысында кеңес төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазтрансгазды" "ҚазМұнайГаз" құрамынан "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына беру тапсырма берген еді.

2021 жылдың қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу