Енді малға уақытылы вакцина салмаған фермерлерге айыппұл салынады

121

Елімізде ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін ветеринариялық пункттер белсенді түрде ашылып жатыр.  

Енді малға уақытылы вакцина салмаған фермерлерге айыппұл салынады Фото: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин мал иелері жануарларды уақытында екпеден өткізбесе, қандай шара қолданылатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін мұндай бақылау тетіктері болмаған.

"Инфрақұрылым құрылғаннан кейін қосалқы шаруашылықтарға да вакцинацияға қатысты жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, ветеринариялық пунктте вакцинация жүргізіліп жатқаны туралы SMS-хабарлама келеді. Егер мал иесі жануарларын әкелмесе, оған айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылады", – деді вице-министр.

23 сәуірде Мәжілісте "Ветеринария мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

Құжатта ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылып отыр. Бұл шара мамандықтың жастар үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу