banner

Енді мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі

566

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы арнайы бұйрық әзірленді. Бұл туралы БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Енді мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі

Сонымен балабақшаға қойылатын талаптардың негізгілері:

1. Тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігі мен біліміне қатысты талаптар енгізілген.

2. Жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілген. Яғни, бір мұғалім күні бойы жұмыс істейтін бала саны 25-тен аспауға тиіс.   

3. Міндетті түрде бейнекамералар орнатылу керек.

4. Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға толық сәйкестігі.

5. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

6. Сонымен қатар білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.

7. Сондай-ақ білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады.

Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленеді. Ал ата-аналар жасалған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады.

Демек мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Follow the quality. Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек,министрлік төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

1. Лицензиялауды қайтару.
2. Жұмыс жағдайы мен сапасы тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу.
3. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру.
4. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу