Енді отандық авиацияда SNOWTAM хабарламасы қолданылады

977

Қазақстанда ұшу-қону жолағы бетінің жағдайы туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Енді отандық авиацияда SNOWTAM хабарламасы қолданылады

"Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ Қазақстан азаматтық авиациясында ұшу-қону жолағы бетінің жағдайы туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы – Global Reporting Format қолдану бойынша ИКАО стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты сәтті аяқтады. 

"Биыл 4 қарашадан бастап Қазақстан сертификатталған әуеайлақтарын пайдаланушылар ИКАО-ның жаңа әдіснамасы бойынша ҰҚЖ бетінің жағдайы туралы хабарламаны беруге және бағалауды орындауға кірісті. GRF енгізілуімен Қазақстанда алғаш рет ұшу экипаждарына SNOWTAM қар хабарламаларын жариялау басталды. Алғашқы болып SNOWTAM-ды Қостанай, Павлодар, Алматы әуежайлары жариялады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу