Енді "рахметіңді айтамын" деген сөзіңіз үшін сотталып кетуіңіз мүмкін

469

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Мәжілісте өткен "Параны сұрау мен параны ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы" тақырыбындағы дөңгелек үстелде параны сөзбен ұсынғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Енді "рахметіңді айтамын" деген сөзіңіз үшін сотталып кетуіңіз мүмкін Фото: freepik

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы пара алу, пара беру қылмыс екенін бәріміз білеміз. Енді параны сөзбен ұсыну да қылмыс болмақ. Мәжіліске осындай ұсыныс түсіп жатыр. Заңгерлер мен адвокаттар, прокурорлар мен соттар жиналды. Әр түрлі ой айтылды. Бұл заң қабылданса, "рахметіңді айтамын", "осы мәселені шешсең, ренжітпеймін", "бір соғым менен", "көмектесші, сені де ұмытпаймыз ғой!" деген сөздер үшін сотталып кетуге болады. Демек қылмысты әлі жасамасаңыз да, тек қылмысқа ынтаңыз бен зауқыңызды сөзбен айтсаңыз, сізге қылмыстық іс қозғауға болады. Кейбір адвокаттар бұл заңға қарсы шықты. "Адамның сөзі – ол жәй ғана сөз. Пара алса, қылмыс, параны ұсынса, қылмыс емес!" деді адвокаттар тобы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен прокуратураның пікірі басқаша. Заңды шығаратын депутаттар ойланып отыр. Мен де ойланып қалдым. Бір жағынан агенттік өкілдерінің сөзі дұрыс, ал бір жағынан адвокаттардың сөзінде де жан бар", – деп жазды депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу