Енді мигранттарға Ресейде жұмыс істеу қиындай түсті

113

1 наурыздан бастап Ресейде шетелдік азаматтарды жұмыстан шығару негіздерін кеңейтетін жаңа норма күшіне енеді.  

Енді мигранттарға Ресейде жұмыс істеу қиындай түсті Фото: Алексей Майшев/РИА Новости

Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аймақтық билік шетелдік еңбек күшін тартуға шектеу енгізсе, жұмыс беруші мигрантпен еңбек келісімін бұза алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Ресейдің Еңбек кодексі шетелдік қызметкермен келісім-шартты тек федералдық шектеулер енгізілген жағдайда ғана тоқтатуға мүмкіндік беретін. Жаңа редакция бойынша аймақтық биліктің шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салу туралы шешімі де жұмыс берушіге келісім-шартты бұзу құқығын береді.

Бұл әсіресе Қазақстан мен ТМД елдерінен келген мигранттарға, шетелдік жұмыс күшін шектеу енгізілген салаларда, атап айтқанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету саласы, сауда және логистикада қызмет ететіндерге қатысты. Түзетулерде Мәскеу, Краснодар, Новгород және Нижний Новгород облыстарында жұмыс істейтін шетелдіктерді кейбір салаларға тартуға тыйым салынғаны айтылып отыр.

Енді Ресейге барып жұмыс істеуге қазақстандықтарға аймақтық заңнамадағы өзгерістерді мұқият қадағалауға және келісімшартқа отырғанда сақтық танытуға кеңес беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу