Енді ресейліктер ішімдікті тек арнайы сауда орындарынан ғана сатып алады

849

Ресейде тұрғын үйлерде орналасқан нысандарда ішімдік сатуға тыйым салынды.

Енді ресейліктер ішімдікті тек арнайы сауда орындарынан ғана сатып алады

Ресейде бүгіннен бастап тұрғын үйлерде орналасқан дүкен, бар, дәмхана сияқты орындарда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Жаңа шектеуге сәйкес, спирттік ішімдіктерді көлемі 20 шаршы метр болатын шағын тамақтану орындарда да құймайды.

Биліктің мұндай шешім қабылдауына халықтың шағымы әсер еткен. Тұрғындар үй маңында ащы суға тойып алып, төбелес шығаратындардан әбден ығыр болған көрінеді. Енді ресейліктер алкогольді тек арнайы сауда орындарынан ғана сатып алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу