Енді салықтарды есептеу кезінде АЕК қолданылады

6813

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.  

Енді салықтарды есептеу кезінде АЕК қолданылады

Кодекстегі өзгерістерге сәйкес енді салықтарды есептеу кезінде ең төменгі жалақынының (ЕТЖ) орнына айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.

Өзгерістер осыған дейін қолданылған ЕТЖ сомасына баламалы мөлшеріне сәйкес жасалған.

"Биыл 1 қаңтардан бастап өзгерістер қолданысқа енді. Мысалы, 2022 жылға дейін Салық кодексінде стандартты шегерім, яғни жеке тұлғаның табыстарына жеке табыс салығын салу кезінде алып тасталатын шегерім табыс есептелген әрбір күнтізбелік ай үшін 1 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде болған. Енді осы жылы 14 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде стандартты шегерім белгіленген: 14*3063 = 42 882 теңге ( 2021 жылы 1 ЕТЖ шамамен 2022 жылғы 14 АЕК-ке сәйкес келеді)", – деп жазылған хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге байланысты есептеу тәртібі өзгермейді, тек салық шегерімдерінің мөлшері өзгереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу