Енді солтүстікке көшкендерді жұмыс беруші баспанамен қамтамасыз етеді

1542

Енді солтүстікке көшкендерді жұмыс беруші баспанамен қамтамасыз етеді

Еліміздің оңтүстігінен  солтүстікке ауған көш кері қайтуда. Бірнеше отбасы жаңа жерге үйренісе алмай, туған өңірлеріне қайта  көшіп жатыр. Шенеуніктер ішкі миграцияға жұмсалған қаржыны  ешкімнен  дауламаймыз деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

"Солтүстікке көшіп кеткен адамдардан 19-ы  ғана  оңтүстікке қайтып кеткен. Олардың себебі әртүрлі. Көбісіне  климат жақпады, суық болды деп, денсаулыққа кедергі болды деп, сол себептерден қайтып келгендер бар", - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Сондықтан, биылдан бастап солтүстікке көшкен отбасыларды жұмыс беруші баспанамен  қамтамасыз етеді. Енді мемлекет жанұяға емес, мекемеге  1 миллион 60 мың теңге бөледі. Осы қаржыға тұрғын үй тауып беруге тиіс.

Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 3 мың 800 жанұя қоныс  аударған. Сондай-ақ, үкімет оралмандар да  тегіс азаматтық алу үшін  қосымша уақыт беруге мәжбүр болып отыр. Өйткені, бір жылда 200  мың қандасымыз құжатын реттеп үлгермепті. Шенеуніктер шетелден көшіп келген қазақтарға тағы үш ай қосып бермек. Сонымен қатар,  енді отбасын  құрмаған оралмандарға да мемлекеттен ақша беріледі. Бұған дейін жалғыз жүрген жандарға жәрдемақы төленбейтін.

"Әсіресе, Қытайдан  келген бауырларымыз осындай қиындыққа тап болады. Күнімді қалай көремін, қай өңірге барамын деп жүргенде  уақытты өткізіп алады", - дейді сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу