Енді жас кәсіпкерлер жылдық 2,5 пайызбен несие ала алады

459

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. 

Енді жас кәсіпкерлер жылдық 2,5 пайызбен несие ала алады

Жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс.Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады, деп жазады inbusiness.kz.

Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады.

Несиелеу шарттарына келер болсақ:

Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%

Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Несие кепілге қойылған мүлікпен қамтылуы міндетті.  Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Мүлкіңіз болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Толық кеңес алу үшін Алматы қаласы Жастар саясаты  басқармасына қарасты Жас кәсіпкерлер клубының өкілі Темірлан Салиға 8 701 449 48 48 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет. Филиалдардың мекенжайы agrocredit.kz сайтында көрсетілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу