Энергетика министрі: Қашағандағы өндіріс қазан айының соңына дейін жанданады

Бұл туралы KIOGE 2022 конференциясында тілшілердің сауалдарына жауап бере келе Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Энергетика министрі: Қашағандағы өндіріс қазан айының соңына дейін жанданады

"Қашаған бойынша оңтайлы шешім бар. 20 қазанда өндірісті бұрынғы режимге, атап айтқанда тәулігіне 400 мың баррель жеткізу жоспарланған", - деді министр.

Еске сала кетсек, Қашаған кен орнындағы өндіріс 3 тамызда тоқтатылды. Бұған "Болашақ" кешенінде газдың шығу белгілерінің анықталуы себеп болды.

Қашаған – соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады.  Одан өндірілетін мұнай қоры 9 млрд-тан 13 млрд баррельге дейінгі көлемді құрайды.  Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылы басталды.

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться