Энергетика министрлігі елдегі дизель отыны тапшылығының басты себебін атады

556

Ведомствоның мәліметінше, оған "бағадағы диспропорция" әсер етіп отыр. 

Энергетика министрлігі елдегі дизель отыны тапшылығының басты себебін атады Фото: kazgazeta.kz

Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов отандық дизель отынының бағасы көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан екендігін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мысалы, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге. Ал, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат: литріне 480 теңге", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталуда. Былтырғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқан.

"Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған отандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін. Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде бензин және дизель отынының бағасы қымбаттайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу