Энергетика министрлігі Қарашығанақпен арадағы даудың аяқталғандығын хабарлады

875

Консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасады. 

Энергетика министрлігі Қарашығанақпен арадағы даудың аяқталғандығын хабарлады

ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Өкілетті орган –  "PSA" ЖШС арқылы әрекет еткен Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері – Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл компаниялары Дауды шешуді Аяқтау жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Аяқтау келісімі шеңберінде: Консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ долларын төледі", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

"Тараптар өнімді бөлудің түпкілікті әдістемесі туралы уағдаласты, нәтижесінде Қазақстан 2037 жылға қарай мұнайдың баррелі 40-50 доллар бағасымен 600 миллион долларға дейін қосымша алады", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу