Энергетика министрлігі мұнай өндірісіне қатысты мәлімдеме жасады

327

ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндіру көлемі 2 пайызға артты деген ақпаратты жоққа шығарды.  

Энергетика министрлігі мұнай өндірісіне қатысты мәлімдеме жасады Фото: grandpetrokaz.kz

Энергетика министрлігінің мәліметінше, тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.

"Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу