Ведомствоға сауда қызметін реттеу секілді маңызды функция берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мәселен:
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
- Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну.
Ал 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Энергетика министрлігі:
- Мемлекеттік басқарудың реттелетін салаларында тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын биржалық тауарлармен сауда-саттыққа мониторинг жүргізу;
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу.
Қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу