Энергетика саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспары әзірленбек

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Энергетика саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспары әзірленбек Фото: inform.kz

Министрдің сөзінше, өндіруші қуаттардың тозуын 15%-ға төмендету мақсатында 2035 жылға қарай жыл сайынғы инвестицияларды 3 есеге ұлғайта отырып, тариф белгілеу тәсілдерін трансформациялау жоспарланған.

"Жаңартылған модельдің маңызды бөлігі – қолданыстағы тетіктерді және нарық тарапынан кері міндеттемелерді күшейту. Бұл жаңашылдық технологиялық, экологиялық және басқарушылық салалардағы әлемдік трендтерді ескере отырып, саланы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын айқындауға мүмкіндік беретін, министрлік әзірлеп жатқан Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасымен қатар жүретін болады. Бүгінгі таңда Электр қуаты нарығы шеңберінде салаға салынған инвестицияларды қайтаруға жұмсалатын қаражат көлеміне лимит белгіленді. Қазіргі уақытта ол 32 млрд теңге деңгейінде белгіленді. Министрлік бұл лимитті 100 млрд теңгеге ұлғайту мәселесін пысықтауда", – деді ведомство басшысы.

Бұл жұмыс істеп тұрған электр стансаларын қосымша жаңғырту және кеңейтуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу