Тараптар энергетикалық қауіпсіздікті күшейту, инфрақұрылымды жаңарту, салаға инвестиция тарту және мұнай-газ кешені мен электр энергетикасының әлеуетін арттыру мәселелерін қарастырды.
Келіссөздерде мұнай мен газ өндіру көлемін ұлғайту мүмкіндіктері, ірі кен орындарын игеру, мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және экспорттық бағыттарды кеңейту мәселелеріне басымдық берілді.
Сонымен қатар электр энергиясы нарығын дамыту, тарифтік саясатты жетілдіру және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жайы сөз болды.
Халықаралық валюта қоры өкілдері Энергетика министрлігінің саладағы жұмысына оң баға беріп, энергетикалық инфрақұрылымды нығайту және энергиямен жабдықтау тұрақтылығын арттыру бағытындағы шараларды атап өтті.
Кездесу соңында тараптар энергетика саласы мен Қазақстан экономикасын тұрақты дамыту мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасып, диалогты жалғастыруға уағдаласты.