banner

Энергия өндіруші ұйымдар "Богатырь-Көмір" кәсіпорнына 2,629 млрд теңге қарыз

635

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев энергия өндіруші ұйымдардың кредиторлық берешегі көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Энергия өндіруші ұйымдар "Богатырь-Көмір" кәсіпорнына 2,629 млрд теңге қарыз

"Қоймаларда 3,5 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бұл – бекітілген нормаға сәйкес көрсеткіш", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, энергия өндіруші ұйымдардың қарызы бастан асады. 

"10 қыркүйектегі жағдай бойынша энергия өндіруші ұйымдар "ҚазТрансГаз-Аймақ" мекемесі алдындағы қарызы 757 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ олар "Богатырь-Көмір" кәсіпорнына 2,629 млрд теңге қарыз", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу