Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін берешегі артты

"ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы қарыз 12 млрд 702 млн теңгені, ал "Богатырь-Көмір" мекемесінің алдында - 6 млрд 437 млн теңгені құрайды.

Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін берешегі артты Фото: google

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, де хабарлайды inbusiness.kz.

"Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды проблемалық мәселе болып табылады. Мәселен, энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 12 млрд 702 млн теңгені, ал "Богатырь-Көмір" мекемесінің алдында - 6 млрд 437 млн теңгені құрайды. Қарызды өтеуді жеделдетуді сұраймыз", – деді министр. 

Сонымен қатар ол энергия көздері қоймаларында көмір қоры 2,7 млн тоннаны, мазут қоры 109 мың тоннаны құрайтынын атап өтті.

"Бұл ретте, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында көрсетілген кәсіпорындарда отын қоры нормативтерден төмен", – деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу