Энергия өндірушілердің шекті тарифі 15%-ға өседі

916

Баға сәуір айының бірінен бастап өзгереді. Нәтижесінде жылу электр станцияларының шекті тарифі оларды жаңғыртуды қаржыландыру үшін орта есеппен 15%-ға артады. 

Энергия өндірушілердің шекті тарифі 15%-ға өседі

Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жария болғандай, 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сі шекті тариф өзгерту туралы шешім қабылдаған. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, былтыр еліміздегі энергетикалық активтердің тозуы көрсеткіші 53%-ды құраған. 

"Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты электр станцияларында жүргізіліп жатқан жөндеу компанияларының сапасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Өкінішке қарай, шекті тарифке салынған жөндеу науқанына  жұмсалатын шығындардың рұқсат етілген деңгейі қажеттілікті толық көлемде өтемейді, – деді Қайрат Рахимов.

Оның дерегінше, толық қаржыландырылмаудың салдарынан 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесінде 4 458 технологиялық ақау тіркелгегн. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу