Энергияның қымбат болуы Еуроодақ экономикасына соққы болып тиюі мүмкін

3271

Еуропалық жер асты қоймаларындағы газдың көлемі өткен жылғы деңгейден 27%-ға аз.

Энергияның қымбат болуы Еуроодақ экономикасына соққы болып тиюі мүмкін

Егер энергия көздерінің құны 2022 жылы қымбат болса, бұл фактор ЕО экономикасына соққы болып тиюі мүмкін. Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель осындай болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Егер энергия бағасы биыл жоғары болып қалса, инфляция күшейеді. Бұл пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру процесіне кері әсерін тигізеді", – деді Боррель.

Еуропалық жерасты газ қоймалары ақпан айының басындағы жағдай бойынша жаздағы отын көлемімен салыстырғанда 85%-ға азайды. Gas Infrastructure Europe қауымдастығының мәліметі бойынша, еуропалық жер асты қоймаларындағы газдың көлемі өткен жылғы деңгейден 27%-ға немесе 13,4 миллиард текше метрге аз. 3 ақпандағы дерек бойынша, отын қоры осы күнгі ең төменгі көрсеткіштен 2,7 миллиард текше метрге кем.

Табиғат Нұрболат

Фото: shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу