ЕО 22 ақпанда Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды енгізеді

1156

Ұлыбритания да шектеулер салады.

ЕО 22 ақпанда Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды енгізеді

Еуроодақтың Ресейге қарсы алғашқы санкциялары 22 ақпанда қабылданады. Бірақ ЕО Ресейдің Луганск және Донецк халық республикаларының егемендігін мойындауына байланысты тағы да шектеулер салады. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Борис Джонсон Ұлыбритания да Мәскеуге қарсы шектеулі санкциялар пакетін 22 ақпанда енгізетінін айтты. Оның айтуынша, Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатыр.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: eurnews.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу