Еуропа елдері алғаш рет тәліптермен келіссөз жүргізеді

264

Жасырын кездесу Бельгияда өтеді.  

Еуропа елдері алғаш рет тәліптермен келіссөз жүргізеді Фото: magnific.com

Еуропалық Одақ "Талибан" өкілдерімен алғаш рет келіссөз жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәліптерге Еуропаға кіру үшін бір күндік 5 виза рәсімделді. Тараптар Еуропа елдерінде тұруға, рұқсат берілмеген азаматтарды Ауғанстанға қайтару және көші-қон мәселелерін талқылайды.

Әсіресе ауыр қылмысы үшін сотталған немесе "ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп танылғандарға ерекше назар аударып отыр. Бірақ Еурокомиссия бұл кездесу, тәліптерді ресми түрде мойындауды білдірмейтінін нақтылады.

Айта кетейік, Еуростат мәліметінше, 2013–2024 жылдар аралығында, ауған азаматтары баспана алу үшін бір миллионнан астам өтініш берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу