ЕО-дағы 1400 фирма санкция салынған ресейліктерге тиесілі

508

Еуропалық комиссияның мәліметінше, Еуропа елдеріндегі Ресей азаматтарының кәсіпкерлік белсенділігінің негізгі бағыттары-жылжымайтын мүлік, құрылыс, қонақ үй бизнесі, сондай-ақ энергетика саласы мен қаржы.  

ЕО-дағы 1400 фирма санкция салынған ресейліктерге тиесілі Фото: MIKHAIL METZEL/TASS

Ресейге салынған санкцияларға қарамастан, ресейліктер Еуропалық Одақ елдерінде бизнес жүргізуді тоқтатпаған. 28 қазан күні Еуропалық комиссияның (ЕК) ақша жымқыру мен терроризмді қаржыландыруға қатысты есебінде жарияланған зерттеуге сәйкес, Еуропадағы 31 мыңға жуық компанияның иелері ресейліктер екені анықталды.

Олардың ЕО-дағы кәсіпкерлік қызметінің негізгі бағыттарына құрылыс, жылжымайтын мүлік саудасы, қонақ үй бизнесі, сондай-ақ энергетика мен қаржы саласындағы бизнес жатады.

Еурокомиссияның баяндамасы ЕО Кеңесі мен Еуропарламентке жолданды. Ресейдің Украинаға қарсы соғысына арналған тарауда Еуропалық Одақтың Санкциялар тізімінің қатысушыларының активтерін тоқтату жөніндегі шараларын тиісті түрде жүзеге асыру үшін экономикалық меншіктің ашықтығына қатысты нұсқауларды тиімді орындау қажет екендігі баса айтылған.

Сонымен қатар, ЕК ақпарат алмасуды жақсартуға, салық органдарынан жасырылған қаржылық активтерді уақытылы анықтап, қадағалауға кеңес береді.

Құжатта фирмаларды құру мен тіркеу әлі күнге дейін оңай болғандықтан, мұндай фирмаларды пайдаланып, "жасырын транзакциялар арқылы жүздеген миллион еуроны жымқыруға" болатыны көрсетілген. Олардың көмегімен қылмыскерлер ақшаның қайдан келгені мен аударылған жерін ғана емес, сонымен қатар нақты пайда табушыларлың аттарын да жасыра алады. Сондықтан Еурокомиссияның баяндамасында жасырын қаржыны жеке тұлғаны байыту үшін ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылықты бұзу үшін де қолданылуы мүмкін екені ескертілді.

Осы құжатқа сәйкес, Еуропалық Одақтағы шамамен ресейлік 31 мың компанияның ішінде кем дегенде 1400-і ЕО санкция салған азаматтарға тиесілі. Яғни әңгіме 33 кәсіпкерге қатысты болып отыр.

Сонымен қатар, кейбір ресейлік олигархтар өз мүлкін жасыру үшін оны бақылау құқығын үшінші елдерде тіркелген фирмаларға немесе жергілікті номиналды меншік иелеріне бере алатындығы көрсетілген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу