ЕО елдерінде пластик бұйымдарға тыйым салынуы мүмкін

975

Экологтардың есебінше, жыл сайын Еуроодақ аумағынан мұхитқа шамамен 100 мың тонна пластик түседі. 

ЕО елдерінде пластик бұйымдарға тыйым салынуы мүмкін

Еуроодақ елдерінің тұрғындарына пластик ыдыс, коктейль ішетін түтікшелер мен мақта талшықтарын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Еуропарламент депутаттарының басым бөлігі бір реттік пластик бұйымдарына тыйым салуға дауыс берген. Енді одаққа мүше елдердің парламенттері тиісті заңдарды қабылдап, оны Еурокомиссия мақұлдауы керек. Осыдан кейін бұл заң күшіне енеді.

Экологтардың есебінше, жыл сайын Еуроодақ аумағынан мұхитқа шамамен 100 мың тонна пластик түседі. Ал олардың ыдырау мерзімі – жүз жыл.

 "65 жылдан кем мерзімде 8 миллиард тонна пластик өнідірілген, оның алты миллиарды қалдыққа түскен. 4 миллиардтан астамы Еуропада шығарылған. Мұхиттарымыз қоқыс орнына айналып, құрып барады", - дейді Еуропарламент депутаты Фредерике Рие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу