ЕО коронавируспен күреске 232 млн доллар бөледі

785

114 миллионы ДДҰ-на құйылатын болды.  

ЕО коронавируспен күреске 232 млн доллар бөледі

ЕО COVID-19 деп аталатын жаңа коронавирустың таралуын тежеуге 232 миллион доллар шығындалмақ. Бұл туралы Еурокомиссия өкілдері мәлімдеді. Одақ билігінің айтуынша, қаражаттың жартысы жақын күндері, ал қалғаны біртіндеп алдағы айларда бөлінетін болады. Ресми дерекке сүйенсек, қаржының бір бөлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бюджетіне салынбақ. Сондай-ақ тағы бір бөлігі денсаулық сақтау жүйесі орташа деңгейдегі елдерге шығындалады.

Нақтырақ айтқанда, ДДҰ-ның бюджетіне Еуроодақ билігі 114 миллион еуро құяды. Ал 100 миллион еуро инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату бойынша сынақтардың жүргізілуіне бөлінсе, тағы15 миллионы Сенегалдағы Пастер институтына бұйырмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу