ЕО мен АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтпек – БАҚ

1577

Оның ішінде Ресей мұнайынан бас тарту мәселесі де бар. 

ЕО мен АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтпек – БАҚ

АҚШ Президенті Джо Байден мен Еуропалық Одақ басшылары осы аптада Ресейге қарсы санкцияны одан әрі күшейту мәселесін қарастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Еуроодақ Сыртқы істер министрлері деңгейінде Ресейге қарсы санкцияны күшейту мәселесін талқылауды жалғастырады, ал бейсенбіде АҚШ Президенті Джо Байден Брюссельге келеді деп жоспарланып отыр. G7 саммитіне Жапония да қатысады.

Дереккөздердің мәліметінше, бүгінде Еуропалық Одақ бесінші санкция пакетімен жұмыс істеп жатыр. Оған ЕО елдеріне Ресей мұнайын импорттауына эмбарго енуі мүмкін. Осыған дейін мұндай шешімді АҚШ пен Ұлыбритания қабылдаған. 

Алайда мұнай эмбаргосы мәселесінде елдер бір шешімге келе алмай отыр. БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Ресейдің мұнай өнімдеріне тәуелді Германия мұндай шешімді қабылдауға қарсы. Германия билігі бұған жауап ретінде Ресей елге газ жеткізуді тоқтады деп қауіптенеді.

Сондай-ақ Франция Президенті Эммануэль Макрон Ресейге қарсы санкцияны күшейту мәселесінде шектеулер болуы мүмкін емес деп санайды.

"Бұл санкциялар Ресейді жағдайды қайта бағалауға ықпал етеді", – деді Франция президентінің өкілі.

"Серіктестеріміздің және Ресеймен сауда жасайтын елдердің арасында мұнай мен газ мәселесіне келгенде аса сезімтал мемлекеттер бар. Осыған қарамастан президент бұл мәселеде табу жоқ екенін айтты", – деді өкіл.

Дереккөздер Еуроодақ елдерінің санкция туралы барлық шешімі келісімді қажет екенін айтады. Олар бүгінде ЕО-ға төрағалық ететін Францияның ұстанымы шешуші болатынын жоққа шығармайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу