Еуропалық Одақ пен Үндістан сауда келісіміне қол қойды

409

Келіссөздер 20 жылға жуық уақыт жалғасты.

Еуропалық Одақ пен Үндістан сауда келісіміне қол қойды Фото: forbes.ua

Еуроодақ пен Үндістан еркін сауда келісіміне қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат Нью-Делиде Еуропалық комиссия мен Үндістан үкіметі тарапынан бекітілді. Тараптар 2 млрд тұтынушыны қамтитын ортақ нарық құруға уағдаласты.

Бұл келісім Еуроодаққа жыл сайын кедендік баж салығынан 4 млрд еуроға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, тарифтерді төмендету арқылы 2032 жылға қарай экспорт көлемін екі есе арттыруды көздейді. Енді үнді еліне автокөлік импорты үшін баж салығы 11 есе төмендеп, 10 пайызға дейін азаяды. Химия және фармацевтика салалары мен алкогольді сусындар өндірісінде де бірқатар жеңілдіктер қарастырылады.

Келісімді іске асыру келер жылдың қаңтарына жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу