ЕО парламенті Венгрияның келісімінсіз Ресейден әкелінетін мұнайға эмбарго енгізуді ұсынды

576

Бұған дейін Еуропалық комиссияның басшысы ресейлік мұнайға шектеу салуға қарсы екенін мәлімдеді.

ЕО парламенті Венгрияның келісімінсіз Ресейден әкелінетін мұнайға эмбарго енгізуді ұсынды

Еуропалық Одақ Будапешттің құбылмалы позициясына қарамастан Ресейден әкелінетін мұнайға эмбарго енгізу жоспарынан бас тартпауы керек. Еуропалық парламенттің жетекші фракциясының жетекшісі, еуропалық халық партиясының басшысы Манфред Вебер осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шынымды айтсам, Еуроодақтың санкциялар туралы шешім қабылдаған кезде тартынып қалатын тараптардың позициясына жалтақтауынан шаршадым. Будапешттің келісімінсіз шешім қабылдау мүмкін болса, солай жасау керек", – деді парламент депутаты.

Бұған дейін Еуропалық комиссияның басшысы ресейлік мұнайға шектеу салуға қарсы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дәл қазіргі сәтте ЕО шұғыл қадам жасай алмайды. Урсула фон дер Ляйеннің сөзінше, егер Брюссель Ресей Федерациясынан жеткізілетін мұнайға эмбарго жарияласа, Ресей басшысы Владимир Путин Еуропалық Одаққа сатылмайтын мұнайды әлемдік нарыққа енгізіп, пайдаға кенелуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу