ЕО Ресейдің Украина шекарасындағы әскери белсенділігін талқылайды

575

Бұған дейін Ресей Федерациясының 4 мыңға жуық әскериі Украинамен арадағы шекараға жиналғаны хабарланған еді. 

ЕО Ресейдің Украина шекарасындағы әскери белсенділігін талқылайды

Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлері жақын арада "Ресейдің Украина төңірегіндегі әскери белсенділігін" талқыламақ, деп хабарлайды inbusiness.kz ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелдің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Боррель украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескеннен кейін осындай мәлімдеме жасады.

Дипломат Ресейдің әскери белсенділігіне алаңдаушылық білдіріп отырғанын алға тартты. "Келесі отырыста Дмитрий Кулебамен және ЕО Сыртқы істер министрлерімен осы жайтты талқылаймыз", – деп жазылған оның Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, Ресей Федерациясының 4 мыңға жуық әскериі Украинамен арадағы шекараға жиналғаны хабарланған еді.

Вашингтонның мұндай қадамға баруына Ресейдің 23 наурызда аяқталған әскери жаттығулардан кейін, өз әскерін шығармауы себеп болған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, сондай-ақ Қырымға қосымша әскер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар пайда бола бастады. 

Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын. Украина, АҚШ және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер осыдан кейін, Мәскеуге қарсы экономикалық шектеулер жариялаған еді.Осы күнге дейін санкциялар бірнеше рет ұзартылды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу