ЕО Ресейге қару-жарақ жеткізуге эмбарго жариялау ұсынысын мақұлдады

767

ЕО Ресейге тағы санкция салмақ. Құжат бүгін жарияланады.

ЕО Ресейге қару-жарақ жеткізуге эмбарго жариялау ұсынысын мақұлдады

Брюссельдегі ЕО елдері тұрақты өкілдерінің комитеті (COREPER) Ресейге қарсы жаңа санкция пакетін мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"ЕО елдері тұрақты өкілдерінің комитеті Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына байланысты жаңа санкция пакетін мақұлдады", – деп жазылған COREPER-дің Twitter-дегі парағында.

Франция тұрақты өкілдігінің мәліметінше, жаңа құжат "бірқатар ресейлік банктердің активін тоқтатуды, Ресейден көмір импорттауға тыйым салуды, Ресейге қару-жарақ жеткізуге эмбарго енгізуді, құны 10 млрд еуро болатын жоғары технологиялық тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салуды" көздейді.

Сондай-ақ санкция ресейлік жүк көліктеріне де ықпал етеді. Жаңа санкция пакеті аясында Ресей кемелер ЕО порттарына кіре алмайды, бірқатар ресейлік тауардың импортына тыйым салынады.

Жаңа санкция жеке тұлғаларға, оның ішінде "олигархтар мен Ресейдің саясатын насихаттайтын адамдарға", сонымен қатар өнеркәсіп және технологиялық компанияларға қарсы шектеулер енгізуді қарастырады.

Осыған дейін РФ Сыртқы істер министрлігі ЕО-ның бесінші санкция пакетіне қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеген.

"Әрине, біз экономикалық және өзге салаларда заңды мүддемізді қорғау үшін тиісті шаралар қабылдаймыз, әрі тиісті шараларды әзірлейміз", – деді Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу