ЕО "Спутник V" вакцинасын неліктен мақұлдамай жатқанын айтты

6595

Ресей тарапы вакцина туралы мәліметті ұсынбаған көрінеді.

ЕО "Спутник V" вакцинасын неліктен мақұлдамай жатқанын айтты Фото: reuters.com

Еуропалық Одақ ресейлік "Спутник V" вакцинасын неліктен мақұлдамай жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінде қазіргі уақытта ресейлік препаратты тіркеу үшін деректер жеткіліксіз. Урсула фон дер Ляйен еуропалық реттеушіге өтінімнің әлдеқашан жіберілгенін атап өтті. 

13 шілдеде Reuters агенттігі өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Ресей тарапы вакцина туралы мәліметті ұсынбаған деп хабарлаған еді.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев болса, бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.  Дмитриев ресейлік препаратқа кейбір ірі фармацевтикалық компаниялар оның беделін түсіру үшін ақпараттық шабуыл жасап жатыр деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу