Эпидемиологиялық ахуалда бизнестің жұмыс істеу критерийлері іске қосылады

610

Өңірлердегі эпид ахуалды ескере отырып, бизнестің жұмыс істеу критериийлері  іске қосылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Эпидемиологиялық ахуалда бизнестің жұмыс істеу критерийлері іске қосылады

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, енді кәсіп нысандары сол облыстың эпидемиологиялық жағдайына қарай бизнесін жүргізеді. Елдің барлық өңірі  қауіпті індетті жұқтыру фактісіне қарай "жасыл, сары, қызыл" аймақтарға бөлінген. Мысалы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен, коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссия  вирус аз тараған, "жасыл" аймақта демалыс күндері базарлар мен сауда орындарына жұмыс істеуге рұқсат берді. 

"Қызыл" аймақта болса, нысандардың жұмысы жұма және демалыс күндері шектелген. Сондай-ақ барлық облыс пен мегаполисте жексенбі күні қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салынған. Қай бизнес нысан, қандай эпид ахуалда жұмыс істей алатыны туралы тізімді atameken.kz сайтындағы кестеден көруге мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу