Эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

647

Бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Ауру деңгейі төмендеп жатыр. 

"Қазір вирустың репродуктивтілік индексі 0,93 деңгейінде. Ауруханалардағы орындар 49%-ға, ал жансақтау бөлімдері 46%-ға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуықтады, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды", – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет екенін айтты. 

"Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Asyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамы", – деді Асқар Мамин

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу