Ер адамды көлікте күштеп ұстағандар қамауға алынды

191

Олардың басқа қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы тескеріліп жатыр.

Ер адамды көлікте күштеп ұстағандар қамауға алынды Фото: www.ult.kz

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Қылмыстық топ ірі көлемде ақша алу үшін жәбірленушіні оның автокөлігінде күштеп ұстаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Бас прокуратураның мәліметінше, адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 125 және 194-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл топ құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен құралған. Күдіктілер қамауға алынды.

Ведомство хабарлағандай, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу