"Ер адамның бетіне оқ атқан": Ақтаудағы дәмханалардың бірінде оқыс жайт орын алды

317

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

"Ер адамның бетіне оқ атқан": Ақтаудағы дәмханалардың бірінде оқыс жайт орын алды Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада күдіктінің тапаншаны қонақтардың біріне бағыттап атқаны көрінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға түнгі уақытта болған. Күдікті полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде көп ұзамай ұсталған.

Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу