Ер адамның сібір жарасынан көз жұмуынан кейін лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

919

Сондай-ақ, "Катонқарағай аудандық ветеринарлық қызмет" КМК директорына қатаң сөгіс жарияланды. 

Ер адамның сібір жарасынан көз жұмуынан кейін лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Шығыс Қазақстанның облыстық ветеринария басқармасы жүргізген тексерудің нәтижесі бойынша Катонқарағай ауданының бірнеше лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында Кіші Нарын ауылының тұрғыны сібір жарасынан көз жұмған болатын.  

Енді осы оқиғаға қатысты жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша, аудандағы үш лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Катонқарағай ауданының әкімінің бұйрығымен аудандық ветеринария бөлімінің басшысы мен Солонов ветеринарлық пунктінің басшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ, "Катонқарағай аудандық ветеринарлық қызмет" КМК директорына қатаң сөгіс жарияланды.  Бұл тұлғалар елдімекендегі малды вакциналауға жауапты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу