Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды, онда облыс мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды pm.kz.
Отырыс барысында премьер-министр Б. Сағынтаев мәслихат депутаттарына бағытталған, облыс әкімінің лауазымына Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының кандидатурасын ұсыну туралы мемлекет басшысының хатын оқып берді.
Депутаттар бірауыздан президент ұсынған кандидатураны қолдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу