Ералы Тоғжанов ШҚО әкіміне 10 күн берді

430

Вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды көзімен көріп қайтты.

Ералы Тоғжанов ШҚО әкіміне 10 күн берді

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Шығыс Қазақстан облысын барып,  аймақтағы эпидемиологиялық бойынша жұмыс кеңесін өткізді.Облыстың әкімі Даниал Ахметов облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. 30 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9565 жағдайы тіркелген. Облыс әкімінің айтуынша, ең қиын жағдай Өскемен, Глубокое және Аягөз аудандарында орын алған. 

"Бақылауда 585 инфекция ошағы, 1592 байланыста болған адам бар. COVID-19 таралу қаупін азайту және байланыста болғандар мен жақындарын уақтылы анықтау үшін 516 медициналық бригада, сондай-ақ ошақтарды оқшаулау орталығы жұмыс істейді. Коронавирустың екінші толқыны басталған кезеңде уақтылы сапалы медициналық көмек көрсету үшін облыста 40 инфекциялық стационар дайындалды, толық медициналық жабдықталған 6,1 мың төсек-орын ұйымдастырылды", – деп Даниал Ахметов атап өткендей, қазір ауруханаларда 18 компьютерлік томограф, 67 рентген аппараты, 1,1 мыңнан астам оттегі концентраторы, 300-ден астам өкпені жасанды желдету аппараты қойылғанын баяндады.

Оның айтуынша, қазір коронавируспен ауырғандар үшін дайындалған төсектің 26,5 пайызы науқастармен жүктелген. Ал өңірде дәрілік заттардың екі айлық қоры бар көрінеді. Облыста ПТР-тест өткізетін зертханалардың қуаты тәулігіне 6 мың сынама алатындай мөлшерге жеткен. 

Ералы Тоғжанов облыс әкімдігіне 10 күннің ішінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Кеңестен кейін Вице-премьер 150 орындық пульмонологиялық орталыққа барды. 15 қарашаға қарай мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі өз жұмысын бастайды. Барлық қажетті заманауи жабдықтар, соның ішінде компьютерлік томография аппараты жеткізілді. Әр бөлмеде оттегі розеткалары бар. Сондай-ақ пульмонология орталығында өзінің ПТР-зертханасы жұмыс істейтін болады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу