Ербол Қарашөкеев пен Бақыт Сұлтанов дүкендердегі қант бағасын біле ме?

555

Брифингте екі министрден Елорда дүкендеріндегі түйіршіктелген қанттың ең жоғары бағасы қандай деген сұрақ қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ербол Қарашөкеев пен Бақыт Сұлтанов дүкендердегі қант бағасын біле ме?

"Шағын дүкендерде бағасы 1000 теңге екенін көрдім", – деп қысқа қайырды Ербол Қарашөкеев.

"Ірі дүкендер желісінде 470 теңге. Импорттық бағаны есепке алғанда килограмына 900-1000 теңгеге жетеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өтті. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі жағдайды мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу