Ербол Қарашөкеев: Тұқым шаруашылығы жүйесі уақыт талабына сай емес

938

Соңғы 10 айда агроөнеркәсіп кешені саласының өнімділігі 2,3%-ға төмендеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенатта өткен парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ербол Қарашөкеев: Тұқым шаруашылығы жүйесі уақыт талабына сай емес

Оның сөзінше, құрғақшылықтың салдарынан өсімдік шаруашылығының өнімі – 6,1%-ға немесе 3,9 трлн теңгеге азайды. 

"Ауыл шаруашылығы саласы табиғи-климаттық жағдайға тәуелді. Бұған техникалық және технологиялық артта қалушылық пен өндірісте экстенсивтік әдістің басым болуы себеп болып отыр. Атап айтсам, өсімдік шаруашылығы әртараптандыруды соңына дейін жеткізуді қажет етеді. Бұл салада күні бүгінге дейін ескі агротехнология қолданылады. Ауыспалы егіс қағидасы дұрыс сақталмайды. Осының барлығы жер процесін бақылаудың тиімді тетігінің жоқтығынан туындайды. Селекцияның ескірген әдісіне негізделген тұқым шаруашылығы жүйесі уақыт талабына сай емес. Бізде тұқым бойынша импортқа тәуелді болу қаупі бар", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу