Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды

104

Бұл туралы Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес белгілі болды.

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды Фото: Үкімет

Бұрынғы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, қордың басқару органының құрамын өзгерту туралы шешімді 2026 жылғы 25 наурызда жалғыз акционер қабылдады.

Осыған байланысты Ерболат Досаев директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Қазіргі уақытта қордың директорлар кеңесінің құрамына алты адам кіреді. Олар: Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи.

Еске сала кетейік, Ерболат Досаев 2025 жылдың желтоқсанында аталған қордың директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалған еді.

25 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатты. Бұл лауазымға ол 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу