Ерболат Досаев шұғыл кеңес өткізіп жатыр

1591

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап, Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерболат Досаев шұғыл кеңес өткізіп жатыр Фото: Алматы әкімді

Онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқылануда.

Қаланың тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі қосылған.

Қаланың полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істеуде.

Барлық мектеп мен балабақша ашық, халықты жинау пункттері жұмыс істеп тұр.

Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көп бейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз! Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу