Ердоған: Әзербайжанның жеңісі Түркі әлемі үшін өте маңызды

995

"Жеңімпаз Жоғарғы қолбасшы Ильхам Әлиевтің басшылығымен 44 күн ішінде 30 жылдық оккупация аяқталды".  

Ердоған: Әзербайжанның жеңісі Түркі әлемі үшін өте маңызды

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы одағы (Түркі кеңесі) мемлекет басшыларының VIII саммитінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz apa.az сайтына сілтеме жасап.

Ол Әзірбайжанның жеңісі Түркі әлемі үшін өте маңызды екенін атап өтті. "Әзірбайжанның жетістігі түркі әлемінің бірлігін нығайтты. Харыбюльбюль Түркі әлемі үшін жетістіктің символына айналды. Қарабақты босату экономикалық ынтымақтастық пен тұрақтылыққа жол ашты", – деді Ердоған.

Айта кететін жайт, бүгін Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті өтіп жатыр.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтіп жатқан саммитке Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысуда. "Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар" ұранымен ұйымдастырылған саммитке Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан мен Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев те келген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу