Ердоған Бакуге барды

402

Түркия президентінің шетелдік сапарлары жалғасып жатыр.  

Ердоған Бакуге барды Фото: Anadolu Agency

Президент болып қайтадан сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан бастаған Ердоған кездесулері аяқталған соң бірден Әзербайжанның астанасы Бакуге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Режеп Тайып Ердоғанды ​​Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов, сыртқы істер министрінің орынбасары Халеф Халефов, Әзірбайжанның Анкарадағы елшісі Решад Мамедов, Түркияның Бакудегі елшісі Жахит Бағжы және дипломаттар қарсы алды. 

Президентпен бірге бірінші ханым Емине Ердоған, Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан, энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлұ, "АК" партия төрағасының орынбасары және партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик, президент әкімшілігінің байланыс кеңсесі директоры Фахреттин Алтун және ұлттық барлау ұйымының төрағасы Ибрахим Калын келді.

Түркия президентінің Әзербайжанға сапары аясында жаңа кезеңдегі екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен қазіргі халықаралық және аймақтық оқиғалар жайлы пікір алмасу көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу