Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды

299

Ол "Таяу Шығыс қақтығыс кезінде, мұсылмандар қаза тауып жатқан уақытта БҰҰ қол қусырып қарап отыр" дегенді айтты.      

Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды Фото: Reuters

 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ ыдырап кетпес үшін реформа қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"БҰҰ-да реформа жүргізіліп, оның әділетсіз құрылымы өзгертілуі керек. Ұйым әлдеқайда функционалды болуы керек, санкция арқылы тежей алатын күші болуы тиіс. БҰҰ жойылып кетпес үшін осындай шара қолдану керек", - деді ол.

Ердоған "Таяу Шығыс қақтығыс кезінде, яғни мұсылмандар қаза тауып жатқан уақытта БҰҰ қол қусырып қарап отыр" дегенді айтты.

"Мен әрқашан әлемдік жүйенің әділетсіз екенін, халықаралық ұйымдар әлемдік тәртіпті тек бес елдің мүдделеріне сәйкес бағыттайтынын айтып жүрмін, айта да беремін", - деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу