Ердоған Путинге Украина атом электр станциясымен қақтығыста делдал бола алатынын мәлімдеді

558

"Түркия Мәскеу әскері басып алған Украинаның Запорожье атом электр станциясының айналасындағы қақтығыста делдал бола алады", – деді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинге.

Ердоған Путинге Украина атом электр станциясымен қақтығыста делдал бола алатынын мәлімдеді

Естеріңізге салсақ, Түркия бұған дейін де 22 шілдеде Ресей мен Украина арасында  астық экспорты үшін келісімге делдалдық танытқан болатын.

Өткен айда Ердоған Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізу үшін Львовқа барған кезде ядролық апаттың қаупі туралы ескерткен. Өз сөзінде ол: "Біз тағы бір Чернобыльды қаламаймыз", – деген болатын.

Ресейдің бақылауындағы Еуропадағы ең ірі Запорожье атом электр станциясына деген  алаңдаушылық күннен күнге артып келеді.

Украина жұма күні Ресейдің жақын маңдағы Энергодар қаласындағы базасын бомбалап, үш артиллериялық қондырғыны, сондай-ақ оқ-дәрілер қоймасын қиратты, деп мәлімдеген.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктен (МАГАТЭ) 14 адамнан тұратын топ Запорожьеде  болып қайтты. БҰҰ ядролық қадағалау басқармасының басшысы Рафаэль Гросси бұл нысан ұрыс салдарынан зақымдалғанын айтты.

Мәскеумен де, Киевпен де достық қарым-қатынаста болған Түркия Ресейге қарсы батыс санкцияларына қосылудан бас тартты.

Зеленскиймен кездесуден бұрын Ердоған Сочиде Путинмен кездесу өткізген. Онда екі ел өздерінің экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға уәде берді.

Бүгін телефонмен сөйлесу кезінде Ердоған мен Путин 15-16 қыркүйек күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында Самарқандта келіссөзді жалғастырамыз деп келісті.

Дина Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу